Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – РФ президенті Владимир Путин зейнетақы реформасы туралы заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайты.
Заң бойынша, ерлердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен 65-ке дейін, ал әйелдердің зейнет жасы 60-қа дейін ұзарады. Мерзімінен бұрын зейнетке шығу үшін ерлердің 42 жыл, әйелдердің 37 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
Заңды 3 қазанда Ресей Федерация кеңесі, 26 қыркүйекте Мемлекеттік дума мақұлдаған.
Шілдеде Ресей парламенті елдегі азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды, яғни әйелдер үшін - 63 жас, ал ерлерге - 65 жас деп белгілеуді көздейтін үкімет әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Үкімет реформасына қарсылық танытқан тұрғындар Ресейдің ондаған қаласында наразылық акцияларына шыққан. Қоғамдық сауалнама нәтижелері Ресей президенті Владимир Путиннің рейтингі күрт төмендегенін көрсеткен. Путин 29 тамызда өткен тікелей эфир кезінде әйелдердің зейнетке шығу жасын үкімет жоспарлаған сегіз жылдың орнына бес жылға ұзартуды және үш немесе одан да көп балалы аналарды зейнетке ертерек шығаруды ұсынған.
Қазанның басында Путин зейнетақы реформасына өзі енгізген түзету бюджет қаржысын үнемдемейтінін, керісінше, қосымша шығынға батыратынын мәлімдеген. Үкімет әуелде зейнеткерлік жасын ұлғайтудан үнемделген қаржыны қазіргі зейнетақы көлемін көбейтуге жұмсамақ болған.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024