Ресейден кетіп жатқан 56 шетелдік компания Қазақстанға ауысып келмекші – премьер-министр
Астана. 19 қазан. 7kun.kz – Ресейден кеткен 56 шетелдік компания өз бизнесін Қазақстанда жалғастырады. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазір көптеген шетелдік компания Ресейден кетіп жатқанын көріп отырмыз. Біз осындай ірі компаниялардың тізімін құрдық. Олардың саны үш жүзден асады. Олармен Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмысын жүргіздік. Бүгінде осы тізімдегі 56 компания өз кеңселерін Қазақстанға көшіруге ниет білдірді. Қазір олармен релокация орны, мерзімі мен шарттары бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Смайылов.
Премьер-министр компаниялардың бір бөлігі оң шешім қабылдап, кеңселерін Қазақстанға ауыстырғанын атап өтті. Олардың арасында Honeywell, inDriver, Fortescue, Marubeni және тағы басқа ірі халықаралық компаниялар бар.
Сондай-ақ ол Қазақстанда Toyota өндірісін ашу бойынша келіссөз жалғасып жатқанын айтты.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024