Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық бизнеске қалай әсер етуде

Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық бизнеске қалай әсер етуде

Қазақстан. 29 сәуір. 7kun.kz – Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ең алдымен, Ресейден келетін шикізат пен жеткізу тізбегі құнының көтерілуіне байланысты мәселе туындайды. Сондай-ақ логистиканың ұзаруы, басқа жеткізушілерді іздеу автоматты түрде түпкілікті өнімнің қымбаттауына әкеледі, деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.

«Бұған дейін Қазақстан өнімдерді Ресей арқылы әкелетін. Бұл Қазақстан үшін ең арзан жол болатын. Яғни, өнімдер Балтық порттарына жеткізіліп, одан кейін Қазақстанға автомобиль немесе теміржол көлігімен жөнелтілді. Қазір бұл тізбек үзілді. Біз жаңа жолдарды іздеуіміз керек. Әрине, мұның бәрі бағаның өсуіне алып келеді. Мәселен, бізге осы жолмен әкелінген шикі қант енді Қара теңіз арқылы Батумиден әкелінетін болады», – дейді ол.

Сонымен қатар, ол жеткізу тізбегінің үзілуі өнімнің құнына ғана емес, жеткізушілердің келісімшарттық міндеттемелері бойынша мерзімдерді бұзатындығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа бағыттарда импорттың мұндай көлемін қабылдауға инфрақұрылым дайын емес.

Мұның бәрі отандық тауарлардың құнына әсер етуі мүмкін.

«Көбінесе қазақстандық тауар өндірушілер импорттық жабдықты пайдаланады және қаптама үшін шетелдік шикізатты сатып алады. Бұл отандық өндіріс тауарлары бағасының өсуіне әкеледі», – деді ол.

Айтуар Қошмамбетовтың сөзінше, қазір (көктем мен жазда) ауыл шаруашылығы тауарлары өндірісі ұлғайған кезде Қазақстан үшін қолайлы кезең басталды.

Похожие материалы