Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz – Қазақстандықтар 2022 жылдың алғашқы үш айында шетелге 189,5 млрд теңге аударған. Сарапшылардың есептеуінше, Ресейге жіберілген ақша көлемі бар болғаны 28,5 млрд теңге, деп хабарлайды 7kun.kz.
Finprom.kz сарапшыларының айтуынша, шетке аударылған қаржының жартысына жуығы Түркия (52,3 млрд) мен Өзбекстанға (38,6 млрд) кеткен. Ал үшінші орында Қырғызстан тұр. Ол елге Қазақстаннан 33,2 млрд теңге аударылған.
Ресей тек төртінші орынға орналасқан. 2022 жылдың алғашқы үш айында Ресейге елден 28,5 млрд теңге ғана жіберілген. Зерттеушілердің айтуынша, 2021 жылы дәл осы мерзімде Ресей ақша аударым көлемі бойынша екінші орында тұрған. Одан бөлек, бірнеше жыл қатарынан аударым бойынша алғашқы орында болды.
Соңғы жылы Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі 36,2%-азайды. Ал биылғы аударымның бесінші сатысында Грузия тұр. Бұл елге 13,3 млрд теңге кеткен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024