Ресейлік банктер нөмірсіз, CVV-кодсыз және жарамдылық мерзімі жоқ карта шығара бастады
Алматы. 14 қазан. 7kun.kz — "Альфа-банк" Еуропадағы алғашқы нөмірсіз, CVV-кодсыз және жарамдылық мерзімі жоқ картаны шығарғанын хабарлады. Артынша monobank те Platinum-карталарды шығаруды бастайтынын жариялады. Бұл туралы Fintech Band негізін қалаушы Олег Гороховский Facebook-тегі парақшасында жазды.
Monobank-тың Platinum картасы үш дизайнда ұсынылған — қара, қызғылт және металл. Онда нөмір де, CVV2 де, әрекет ету мерзімі де көрсетілмейді — тек адамның аты мен Platinum жазуы болады.
"Біз Visa Infinite және MasterCard World Elite төлем жүйелерінен екі жоғары дәрежені алып, оған Platinum жаздық. Түсінесіз бе? Біз Mercedes S-class алып, оны Volkswagen деп атадық және оны ең арзан Volkswagen бағасымен сатамыз », - дейді Олег Гороховский.
Мұндай картаға ие бола отырып, клиент Lounge Key бағдарламасы бойынша 450 әуежайда бизнес-залдарды, MasterCard бизнес-залдарын шектеусіз пайдалана алады, сондай-ақ Fast Line желісі бойынша әуежайда тегін жүреді. Сонымен қатар, карта иелері monobank консьерж-сервисін алады.
Екі картаны да – Mastercard және Visa, Apple Pay немесе Google Pay-ға қосуға болады.
Қазіргі таңда банк мұндай карталардың 100 мың данасын шығарған, бетаға Android нұсқасы өткен аптада шықты, ал бүгін iOS бета-нұсқасы іске қосылады.
Айта кетейік, "Альфа-Банкте" де бірнеше премиум өнімдер бар, олардың әрқайсысына коньсьерж-сервис кіреді: Platinum Black Plus дебит картасы, Platinum Black дебит картасы, Travel несие картасы.
Сондай-ақ, "ПриватБанк" клиенттері Platinum тарифін қосқан кезде картаны пайдаланудың келесідей артықшылығына ие болады: дербес банкир қызметі, консьерж-сервис, жылына LoungeKey, FastLine, Mastercard Lounge бағдарламасы бойынша әуежайлардағы бизнес-залдарға тегін екі рет бару және т.б.
"ПриватБанк" премиалды карталары: MasterCard World Elite пакеті, Raiffeisen Bank Aval және Exclusive .
"ПУМБ" ұсынған Black Platinum пакеті банктің кез келген бөлімшесінде дербес қызмет көрсетіп, консьерж қызметі, "Борисполда" Mastercard бизнес-залына бару, әлемнің әр түрлі нүктелерінде әуежайларда жедел рәсімдеу және жылына "Борисполда" екі бірдей ақысыз жүк сөмсесін алуға мүмкіндік береді. Ал Premier пакетімен MasterCard Word Elite және Visa Infinite карталарының барлық артықшылықтарын пайдалануға болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024