Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік банктердің қазақстандық еншілес ұйымдарының шоттарындағы 9 млрд теңге бұғатталды

Ресейлік банктердің қазақстандық еншілес ұйымдарының шоттарындағы 9 млрд теңге бұғатталды

Қазақстан. 23 мамыр. 7kun.kz – «Қазақстан халық партиясы» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ресейлік еншілес банктердің Қазақстандағы клиенттерінің проблемалары туралы сауал жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мәселе "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Банк ВТБ (Қазақстан)" АҚ ЕБ, "Альфа банк" АҚ ЕБ банктері туралы болды.

«Санкциялық талаптардың аясында жекелеген шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ және «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ (Қазақстан) шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарын бұғаттады. Нәтижесінде, банктердің мәліметінше, осы банктік шоттардағы қалдық жалпы сомасы шамамен 9,2 млрд теңгеге (Сбербанк – 2,7 млрд теңге, «Альфа-Банк» – 6,2 млрд теңге, ВТБ Банк (Қазақстан) – 0,3 млрд теңге) бұғатталған», – делінген ведомство жауабында.

Сонымен қатар, шетелдік банктер «Сбербанк» АҚ ЕБ жекелеген клиенттері үшін 2,9 млрд теңге сомасында шетел валютасындағы төлемдерді бұғаттады. «Альфа-Банк» АҚ ЕБ клиенттері үшін жеке клиенттер үшін 3,9 млрд теңге сомасында шетел валютасындағы төлемдер мен аударымдар бұғатталды.

Ведомствода хабарлауынша, операцияларды бұғаттаудан босату үшін банк клиенттері өз веб-сайтындағы арнайы пішінді толтыру арқылы АҚШ реттеушісінен (OFAC) жеке рұқсат алу керек.

Похожие материалы