Алматы. 10 шілде. 7kun.kz — Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистерге елдегі электромобиль шығару перспективалары туралы айтып берді.
"Біз бұл жұмысты жүргізудеміз. "СарыарқаАвтоПром" өндірістік базасында 30-дан астам электромобиль жиналды. Қазақстанның климаттық және инфрақұрылымдық жағдайларында оларды пайдалану мүмкіндігі туралы ауқымды зерттеулер жүргізілді. Соңғы сатып алушы үшін олардың құнын төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді спикер.
Сондай-ақ, мұндай жұмысты "АзияАвто" кәсіпорны жүргізіп жатыр. Кәсіпорында Kia Soul (Оңтүстік Корея) және Lada Vesta (Ресей) электромобильдерін өндіруді меңгерді.
"Кәсіпорын тәжірибелі үлгілерге сынақ жүргізіп, оларды сертификаттады, қазір сату жүріп жатыр. Сұраныс болған жағдайда осы кәсіпорында Lada Vesta электромобильдер өндірісі іске қосылады", - деп түйіндеді Ержанов.
Ержановтың мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан жолдарында 200-ге жуық электромобиль жүреді. Оның ішінде алты-жеті қазақстандық машина бар. Бұл "СарыарқаАвтопром" және "Азия Авто" шығарған электромобильдер: Jac (Қостанай) және Kia Soul (Өскемен).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024