Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Қапшағайда жұмыс істеп тұрған жылыжайды тағы 30 гектарға кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаның құны 43 млрд теңгеге жуық.
Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, аумақты екі кезеңмен ұлғайту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта өндіріс көлемі 10,5 гектар болатын жылыжай кешенінің бірінші және екінші кезегі пайдалануға берілді.
Ведомство үшінші және төртінші кезектегі құрылысты ресейлік "Эко-культура" компаниясы қаржыландырғанын атап өтті.
"Үшінші кезең 26,5 млрд теңгеге бағаланып отыр, оның 5,3 млрд теңгесі Ресей тарапына тиесілі. Пайдалануға беру жоспарланған күні – 2021 жылдың І тоқсаны", - деп қосты әкімдікте.
Төртінші кезеңнің құрылысы бойынша 12 гектарға жуық жоба 16,4 млрд теңгені құрайды, оның 3,3 млрд теңгесін инвестор салады.
"2022 жылдың І тоқсанында жылыжайды пайдалануға беру жоспарлануда. Төрт кезеңнің жалпы қуаты 50 мың тоннадан астам қиярды құрайды. Жұмыс орындарының саны 850 адамға құрады", - деп түйіндеді ведомствода.
Еске сала кетейік, инвесторлар Түркістан облысында 500 гектарға жылыжай кешенінің құрылысын қаржыландыруды жоспарлап отыр. Жоба бес-алты жыл ішінде жүзеге асырылуы керек. Жылыжайда қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан, цуккини және басқа да көкөністерді өсіру жоспарланған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024