Қытай мемлекеттік банкінің Мәскеудегі филиалдарының бірі жаңа есепшот ашуға ниетті ресейлік компаниялардың үлкен сұранысына тап болды.Бұл туралы Reuters хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде банкке осындай өтінішпен 200-300 ресейлік компания жүгінген. Бұл жағдайдың қаншалықты кең таралғаны әлі зерттелуде.
Мәскеуде Қытайдың бірнеше мемлекеттік банктері жұмыс істейді. Олардың қатарында Industrial & Commercial Bank, Agricultural Bank of China, Bank of China және China Construction Bank бар. Соңғысы аталған жағдайға байланысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал қалған үшеуі БАҚ сұранысына жауап бермеді.
Reuters хабарлауынша, доллар немесе еуро есептеулерімен шектелген ресейлік бизнестің Қытайға жүгінуден басқа амалы жоқ.