Ресей 2016 жылы мұнай көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Егер ОПЕК елдеріндегі келісім бойынша мұнай деңгейі қаңтар айындағы деңгеймен қалар болса ресейлік қара алтынның көлемі 1,5%-ға өседі. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрінің орынбасары Алексей Текслер мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
"Ресей өндіріс көлемін азайту туралы сөз қозғаған жоқ. Біздегі мұнай көлемі 2015 жылмен салыстырғанда биыл 1,5%-ға жоғары болады", - деді А.Текслер.
Айта кетейік, 2016 жылдың 16 ақпанында Катардың Доха қаласында Ресей, Сауд Арабиясы, Катар және Венесуэла мұнай көлемін осы жылдың қаңтар айындағы деңгей бойынша сақтап тұруға келісім жасады.
Энергетика министрлігінің анықтауы бойынша, Ресей 2015 жылы тәулігіне 10,72 млн баррель мұнай өндірген. Ал 2016 жылдың қаңтарында көлем 10,88 млн баррелді құрады.
Алексей Текслердің сөзінше, мұнай бағасын қалыпты ұстап тұру нарықтағы өндіруші елдер жеткізетін қара алтын көлеміне болжам жасауға мүмкіндік береді және артық ұсыныстар екі есе қысқарып, нарықтағы процесс жалғасады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024