Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей АҚШ бондтарына бағытталған салымдарын 40%-ға қысқартты

Ресей АҚШ бондтарына бағытталған салымдарын 40%-ға қысқартты

Ресей америкалық бондтарға бағытталған салымдарын бір жыл ішінде 40%-ға төмендетті. Бұл туралы дүйсенбі күні жарияланған АҚШ Қаржы министрлігінің есебінен мәлім болды.

2015 жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша Ресей 66,5 млрд доллар сомасына АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына ие, 2014 жылдың сәуір айында бұл көрсеткіш 116,4 млрд доллар деңгейінде болған-тын. Осы жылдың наурыз бен сәуір айлары аралығында Ресей 3,4 млрд доллар көлеміндегі америкалық мемлекеттік құнды қағаздарын сатқан. Өткен жылдың тамызынан бері Ресей үкіметі қоржынындағы АҚШ қағаздарының көлемі тек төмендеп келеді, РФ америкалық бондтарға бағытталған салымдар көлемі бойынша 12 орыннан 22 орынға түсті. Бірінші орында бұрынғыша Қытай: бұл елдің еншісіндегі АҚШ құнды қағаздарының көлемін 1,26 трлн долларға бағалауға болады - 2014 жылдан бері өзгеріссіз. Екінші орында Жапония - 1,22 трлн доллар. Бұл көрсеткіш бойынша үздік ондыққа сондай-ақ Ирландия, Швейцария, Ұлыбритания, Гонконг, Люксембург және Тайвань елдері кіреді.

Похожие материалы