Мәскеу. 5 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың соңына дейін Алматы вентилятор зауыты (АВЗ) Ресейде кондиционер құрастыратын кәсіпорын ашады. Бұл туралы директорлар кеңесінің төрағасы Марат Баққұлов хабарлады.
Кәсіпкердің есептеуінше, көрші елдегі кәсіпорын жұмыстарын реттеу үшін 500 мың долларға жуық қаражат керек.
"Бұл жартылай құрастыру технологиясы. Оған қойма мен негізгі қажетті құралдар қажет. Біздің Ресей нарығына қатысқанымызға бір жылдай болды. Осы уақытта тұтынушы жинап үлгердік. Құралдарды алысқа тасымалдау тиімсіз болғандықтан біз оларды Ресейде құрастырамыз деп шештік. Әрине ол жақта бәсекелестік жоғары. Дегенмен, сұраныс бар. Мәскеудің бірнеше сауда орталықтары "Қазақстанда жасалған" өнімді сатып алды", - деп атап өтті Марат Баққұлов.
Баққұловтың айтуынша, Қазақстанда вентилятор мен климатикалық техниканың нарықтағы сомасы 30 млн доллар. Оның ішінде 5 млн доллардың құралы отандық өнімдер. Жалпы, АВЗ Қырғызстан нарығында да көш бастап тұр.
Одан бөлек, кәсіпкер отандық өнімнің долларға аса тәуелді еместігін айтты. Себебі, қажетті шикізаттың көбі ішкі нарықта бар. Шетелдік валютаға тәуел ділікті азайту үшін Қазақстанға кәсіпорынның толық циклін іске қосу керек.
"Жоспар бойынша, өнімді екі жылда шығара бастаймыз. Ал толық циклді жасау үшін 1-2 млн доллар қаражат қажет. Салынған ақша екі жыл ішінде ақталады", - деді зауыт басшысы.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024