Ресей Федерациясы Қазақстаннан жалпы көлемі 11 млн.гектарды құрайтын 7 ірі әскери нысанды жалға алып отыр. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Бұлар:
1. 5-ші РФ Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сынақ полигоны («Байқоңыр» космодромы)
2. В.Чкалов атындағы 929-шы мемлекеттік жазғы-сынақ орталығы (Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында орналасқан)
3. 4-ші ұрыс алаңы (Батыс Қазақстан облысында орналасқан)
4. 10-шы «Сары-шаған» сынақ алаңы (Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында орналасқан)
5. Сынақ жұмыстарын қамтамасыз ететін 5580 база (Ақтөбе облысында орналасқан, бұрынғы «Ембі» полигоны)
6. «Балқаш 9» нысаны (Приозерск қаласында орналасқан)
7. Ресей Әуе күштерінің тасымал авиациясының жеке полкі (Қостанай қаласында орналасқан).
ТАСС-тың жазуына қарағанда аталған нысандар 2013 жылдың 24 желтоқсанындағы қос елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің әскери-техникалық серіктестік туралы келісімі мен 2013 жылдың 30 қаңтарында сол кездегі Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгудың әуе қорғанысының ортақ аймақтық жүйесін құру туралы келісімдеріне сәйкес берілген.
Аталған жерлер үшін Ресей тарапы 23 млн.486 мың доллар төлеп келген еді.
Кеше екі елдің Қорғаныс министрлерінің кездесуі барысында Ресей тарапы пайдаланбай келген және Қазақстан үшін қажетті 1,6 млн.га жер қайтарылып берілетіні айтылды. Нәтижесінде Ресей 4 млн.доллар үнемдемек. Енді қалған жер аумақтары үшін жыл сайын 19 млн. 357 мың доллар төлейтін болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024