Алматы. 13 қараша. 7kun.kz - Ресей Байқоңырдың Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың га жерді қайтаратын болды. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Челябинскіде өткен форумда 1994 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға беру келісіміне өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Құжатқа сәйкес Ақай және Төретам кенттерінің маңындағы 11,6 мың гектар жер Ресейден шығарылып, Қызылорда облысына берілді.
Ресей мен Қазақстан денсаулық сақтау министрлері «Байқоңыр» кешенінде, Ақай және Төретам кенттерінде тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру туралы хаттамаға қол қойды.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024