Иран нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған ірі мұнай өндірушілердің келісімі аясында қара алтын көлемін арттыруды жалғастыра береді. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александар Новак Ираннның мұнай министрі Бижан Намдар Занганемен болған келіссөзден кейін мәлімдеді, деп жазды РБК.
«Ірі мұнай өндіруші елдер бір-бірімен келісуі керек. Алайда Иран санкция кезінде мұнай көлемін қысқартқандықтан олардың қара алтын көлемін арттырғысы келетінін және нарықтағы өз үлесін қайта қалпына келтіруге ниетті екенін түсінуге болады", - деді ресейлік министр.
Айта кетейік, 2016 жылдың 16 ақпанында Ресей мен ОПЕК-ке мүше Сауд Арабиясы, Венесуэла және Катар егер ірі экспортшылар келісім беретін болса мұнай деңгейін қаңтар айындағы көлем бойынша қалыпты сақтап тұруға келісім жасаған болатын.
Осыдан соң Александр Новак аталған келісімге әлемдегі мұнайдың 73%-ын экспорттайтын 15 өндіруші елдің қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Келісім орындалған жағдайда өндірілетін мұнай көлемі тәулігіне 1,3 млн баррелге дейін қысқарады.
Алайда, Иран шикізат көлемін қысқарту туралы келісімге қосылған жоқ. Қазіргі уақытта мемлекет тәулігіне 1,4 млн баррель мұнай өндіреді, алайда үш ай ішінде қара алтын көлемін 2 млн баррелге дейін арттыруды көздеп отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024