Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей мен бірқатар ОПЕК елдері мұнай деңгейін қалыпты ұстап тұруға келісім жасады

Ресей мен бірқатар ОПЕК елдері мұнай деңгейін қалыпты ұстап тұруға келісім жасады

Бірқатар ОПЕК елдерінің өкілдері мен РФ энергетика министрінің Катардағы кездесуі кезінде мұнай өндірісін қалыпты ұстап тұруға келісім жасады. Бұл туралы Катардың энергетика министрі Мохаммед Салех аль-Садқа сілтеме жасап, Вloomberg агенттігі хабарлайды.

Сауд Арабиясының мұнай министрі Али аль-Наимидің сөзінше, өндіріс көлемі 11 қаңтардағы деңгей бойынша реттеледі. Ол аталған шешімге Сауд Арабиясы да келісетінін айтты.

Айта кетейік, сейсенбі күні Катардың астанасы Доха қаласында РФ энергетика министрі Александр Новак пен бірқатар ОПЕК елдерінің өкілдерінің кездесуі өтті.

Бұдан бұрын дүйсенбі күні The Wall Street Journal ОПЕК елдерінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып, аталған кездесуге Сауд Арабиядан министр  Али аль-Наими, Нигериядан — Эммануэль Ибе Качикву, Венесуэладан — Эулохио дель Пино және Ресейден энергетика министрі Александр Новак қатысатыны туралы жазған болатын.

Фото: ria.ru

Похожие материалы