Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Өзбекстанның қарызын кешірді

Ресей Өзбекстанның қарызын кешірді

Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы Ресей мен Өзбекстан арасындағы қаржылай талаптарды ретке келтіру бойынша үкіметаралық келісімді заңдастырды. Құжат бойынша КСРО кезінде 1992–1993 жылдар аралығындағы қаржылай міндеттемелерді кері шегеру туралы шешім қабылданды деп хабарлайды vestifinance.ru.

Апта соңында Мемлекеттік дума "Ресей Федерациясы үкіметі мен Өзбекстан Республикасы үкіметі арасындағы қаржылай міндеттемелер мен талаптарды реттеу туралы келісімді заңдастыру туралы" заң жобасын қабылдады. Жаңа өзгеріс бойынша,Ташкенттің Мәскеу алдындағы қарызы қайтарылмайды. 2014 жылдың қарашасында Өзбекстанның Ресей алдындағы қарызы 889,3 млн долларды құрады. Оның ішінде негізгі міндетті қаржы– 500,6 млн доллар, пайыз бойынша қайтарылуы тиістісі – 388,7 млн доллар болған еді.

Похожие материалы