Мемлекеттік Дума депутаттары Ресейге Орталық Азиядан келетін мигранттарды қатаң тексерістен өткізуді және визасыз режимді алып тастауды ұсынып отыр. Оған себеп - "Ислам мемлекеті" және сол секілді өзге де террористік топтардың әрекеттеріне мигранттардың қатысы болуы мүмкін деген қауіп. Бұл жөнінде "Известия" газеті жазады.
Депутаттардың ойынша, жауынгерлер террористер мен жасақтаушыларды дайындап, Ресейге еңбек мигранттары кейпінде жіберуі мүмкін. Парламент мүшелері Орталық Азия елдеріне визалық режим орнатуды ұсынып отыр. Осылайша ресейлік арнайы қызметтің ұлттық төлқұжаттардың растығын тексеріп, ал олардың иелерінің ИМ-ге қатысы бар-жоғын анықтауға мүмкіндік пайда болады. «Біз Орталық Азия халқын құрметтейміз. Діни басшылар Ислам мемлекетінің террорлық әрекеттерінің дұрыс еместігін, алайда үгіттеу арқылы адам жасақтауда жетістікке жету мүмкіндіктері мол деп отыр.», — дейді Мемлекеттік Думаның ұлттар ісі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Валерий Рашкин. Бүгінде Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдерінің азаматтары Ресейге визасыз режимде кіре алады. Ресейге кіру үшін ұлтық төлқұжат қана керек. Бірақ, ресейлік шекарашылардың төлқұжаттардың растығын тексеруге мүмкіндіктері үнемі бола бермейді. Орталық Азия елдерімен визалық режим орнатқан жағдайда, мигранттар Ресей елшілігіне құжаттар өткізіп, оларды тексеруге уақыт жеткілікті болатын еді дейді депутаттар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024