Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Украинаға жеткізілетін ресейлік газдың жеңілдік режимін созды. Бұл туралы РФ үкіметінің ресми сайтында жарияланған.
Жеңілдік мерзімі 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды. Бірақ дисконт мөлшері мың текше метрі үшін 100 доллардан аспауы қажет.
31 наурыз күні Ресей президенті Владимир Путин премьер-министр Дмитрий Медведевке Украина келісім-шарттың барлық талаптарын сақтаса, Киевке ресейлік газды жеңілдікпен беру режимді тағы 3 айға созуды тапсырған еді.
Осыған дейін "Газпром" басшысы Алексей Миллер компанияның Ресей үкіметіне Украинаға 3 ай жеңілдік беру туралы өтініш жасағанын хабарлаған еді. Жеңілдетілген бағамен есептегенде Украина 1 сәуірден бастап ресейлік газдың мың текше метрі үшін 250 доллар төлейді.
30 наурыз күні "Нафтогаз Украина" "Газпромға" екі жақты келісімнің аясында келесі күзгі-қысқы маусым аяқталғанға дейін арнаулы шарттардың уақытын созу туралы хат жіберді. Киевтің атап өтуінше, бұл бастама Еурокомиссия тарапынан келген. Бұған Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу тек қысқы мерзімге арналған шарттың ұзартылуын қарастыратынын мәлімдеді.
2015 жылдың бірінші кварталында Украинаға жіберілетін газ бағасы жеңілдікпен есептегенде 329 долларды құрады. Қысқы жеңілдік 2014 жылдың 31 қарашасында Мәскеу, Украина және Еуроодақ арасында келісілген шарт бойынша жүргізілді. Аталған құжат бойынша, "Нафтогазға" мың текше метріне 100 доллардан жеңілдік берілді, бірақ Украина оған қажетті отын көлемі үшін бірден толығымен төлеуі қажет.
27 ақпан күні "Нафтогаз" "Газпромға" 15 миллион доллар көлемінде алдын-ала төлем жасады. Осыдан кейін тағы да 5 транш жіберілді. Әлі Украина "Газпромға" өсімпұлын есептегенде 2,477 миллиард доллар төлеуі қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024