Ресейдегі смартфондар мен ұялы телефондардың сатылымы 2014 жылдың қорытындысы бойынша 20 пайызға өсіп, 272 миллиард рубльді құрады. 2013 жылы ол көрсеткіш 227 миллиард рубль болатын.
Ал, сандық көрсеткіш болса, 44 миллион данаға жеткен (өсім 7 пайыз).
Нарықтағы смартфон сатылымының үлесі 30 пайызды құрап, ақшалай көрсеткіші бір жылда 245 миллиард рубльге жетті. Өсім - 32 пайыз. Сандық көрсеткіш 44 пайызға көтеріліп, 24 млн дана болды.
Смартфондардың нарықтағы орташа бағасы 9 пайызға төмендеп, 8,9 мың рубль болды.
Android операциялық жүйесіндегі смартфондар сатылымы 82,5 пайызға дейін өскен. 2013 жылы көрсеткіш көлемі 75,3 пайыз болатын. «Бағаларының қолжетімділігіне байланысты 2014 жылы да Android нарықты жаулады», — делінген ритейлер есебінде. iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үлесі 8,9 пайыздан 10,6 пайызға өсім көрсетті, Windows Phone — 5,6 пайыздан 4,3 пайызға дейін түсім көрсетті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024