Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz - Ресейдің сыртқы істер министрлігі БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Виталий Чуркиннің 65-ке қараған шағында 20 ақпан күні Нью-Йоркте мезгілсіз қайтыс болғанын мәлімдеді. Министрлік дипломаттың неден өлгенін анықтап хабарлаған жоқ, тек марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп жазады Азаттық.
Кейбір Батыстағы БАҚ Чуркиннің жүрек талмасынан қайтыс болғанын жазды. Чуркиннің орынбасарының сөзінше, ол Нью-Йорктағы жұмыс кабинетінде отырған кенеттен жағдайы нашарлаған. Дипломатты емханаға апарғанымен қайтыс болды. Дегенмен ресми билік тарапынан ақпарат нақтыланған жоқ.
ТАСС агенттігі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттерештің ресейлік дипломаттың өліміне қатысты "жай түскендей болды" деген сөзін келтірген. "Рейтер" агенттігінің жазуынша, БҰҰ бас хатшысы кеңсесінің өкілі Фархан Хақ: "[Чуркин] үнемі көз алдымызда жүруші еді. Қайран қалдым. Отбасына, достары мен үкіметіне көңіл айтамыз" деген.
Виталий Чуркин 2006 жылдың сәуірінен бері Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болды. Чуркин Ресейдің сыртқы саясатын барынша қорғауға тырысқан өкіл ретінде танылған. Ол Қауіпсіздік кеңесінде Сирия мен Украинадағы резолюцияны талқылау кезінде бірнеше рет вето құқығын пайдаланған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024