Алматы. 12 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша елімізде киім-кешек пен аяқ киім өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға қымбаттады. Мұндай деректерді energyprom.kz ұсынды.
Әйелдер киімі 7%, ер адамдар киімі 7,6%, балалар киімі 7,9% қымбаттады.
Үш тоқсанның қорытындысы бойынша киім өндіру құны 29,1 млрд теңгеге жетті, бір жыл бұрын 25,5 млрд теңге болған. Инфляция есебімен өнеркәсіп өндірісінің индексі 2018 жылғы қаңтар–қыркүйекке қарағанда 105,7%-ды құрады.
Сектордағы барлық өнімнің жартысы оңтүстіктегі өңірлерде шоғырланған: 24,8%, немесе 7,2 млрд теңге Алматы облысына, 14,2%, немесе 4,1 млрд теңге Алматыға, 10,8%, немесе 3,1 млрд теңге Шымкентке тиесілі.
Табиғи көріністе трикотаж сырт киім (бір жылда екі еседен астамға), қалпақ және өзге де бас киімдер (48,1%-ға), шұлық бұйымдары (42,9%-ға), свитерлер мен жемперлер (27,1% - ға), сондай-ақ аң терісінен жасалған киімдер мен аксессуарлар (26,5% - ға) шығару өскен.
Бұл ретте ерлер мен ұлдарға арналған сыртқы киім өндірісі іс жүзінде өзгеріссіз қалды, әйелдер мен қыздар үшін ол аздап төмендеді (-2,2%).
Отандық өндірушілердің сыртқы киіміне сұраныс аз - 2019 жылдың қаңтар–тамыз айларындағы қорытындысы бойынша барлық көлемнің 1,7%-ы.
Ал шұлыққа сұраныстағы жергілікті компаниялардың үлесі тек 8,9%-ды құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024