Астана. 1 ақпан. 7kun.kz - Мемлекет «минусқа» кіріп жатыр. 2016 жылы республикалық бюджет шығындарының өсуі соңғы 5 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жетті. Бір жылда шығын көлемі бірден 2,1 трлн теңгеге немесе 31 пайызға артқан. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2016 жылы бюджет шығындары кірістен әлде қайда асып кетті. Республикалық бюджеттің кірісі 7,7 трлн теңгені құраған еді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге артық. Түсетін табыс көлемі өткен жылдары артқанымен, ол қарқынды өсіп жатқан шығынды өтей алмады.
2016 жылы республикалық бюджеттің дефициті 902,7 млрд теңгені құрауы мүмкін. Үкімет осы жылы мемлекет қаржысына салынатын салмақты азайтып, республикалық бюджет деңгейін 578 млрд теңгеге дейін қысқартуды жоспарлап отыр.
Осы мақсатта үкімет республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке бөлінетін трансферт көлемін азайтты. 2017 жылы мұндай трансферттердің сомасы 215 млн теңгені құрайды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 9 пайызға аз.
Айта кетейік, 2014 жылы республикалық бюджеттің дефицитін қаржыландыру үшін Қазақстан үкіметі сырттан қарыз алуға мәжбүр болды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024