Астана. 13 қыркүйек. 7kun.kz— ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті қалыптасырумен байланысты заң жобасын таныстырды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Болжанған түсімдерді және жоспарланған тапшылықты есепке алғанда республикалық бюджет шығындарының болжамы 2018 жылы 9 217,9 млрд теңге, 2019 жылы – 9 798,2 млрд теңге, 2020 жылы 10 219,7 млрд теңге көлемінде белгіленді.
2018 жылы бюджет тапшылығын ІЖӨ-ге 1,1 пайызға азайту, 2019-2020 жылдары ІЖӨ-ге 1 пайыз деңгейінде белгілеу ұсынылды. Бұл үкіметтің қарызын (Мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге 27 пайыздан артық емес) үшжылдық кезеңде ІЖӨ-ге 25 пайыздан артық емес деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Республикалық бюджеттің табыстары (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5 528,4 млрд теңге (2017 жылмен салыстырғанда 636,5 млрд теңгеге ұлғаюмен), 2019 жылы – 6 403,9 млрд теңге, 2020 жылы 7 175,8 млрд теңге сомасында болжанады.
Ұлттық банк жылдық инфляцияның мақсатты дәлізін 2018 жылы 5-7 пайыз, 2019 жылы 4,0-6,0 пайыз шегінде, 2020-2022 жылдары 3-4 пайызға дейінгі кезекті төмендеумен сақтады. Макроэкономикалық болжам негізінде 2018-2022 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қордың болжамы әзірленді.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024