Сириядағы ресейлік авиа тобының ұшағы Түркияның әуе кеңістігін бұзған жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Игорь Конашенков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Сирия-Араб Республикасындағы ресейлік авиа тобының ұшағы Түркияның әуе кеңістігін бұзған жоқ. Су-34 ұшағының әуе кеңістігін бұзғаны туралы түріктер тарапынан болған мәлімдеме - дәлелсіз ақпарат", - деді Конашенков.
Оның айтуынша, түріктердің әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандары әуе кеңістігін бақылайтын радиолокациялық станциялардың (радар) тек биіктікті ғана белгілей алатынын біледі. Сондықтан радар арқылы ескерту жасалды дегендері орынсыз болып отыр.
"Радардың көмегімен "орыс және ағылшын тілінде" ескерту жасалды дегенді голливудтық боевиктерді көрмейтін сауатсыз насихатшылар ғана айта алады", - деді қорғаныс министрі.
Сондай-ақ, ол ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің құрылғылары мен сириялық радиолокациялық станциясы арқылы түрік-сирия шекарасында әуе кеңістігін бұзғаны туралы ешқандай ақпарат тіркелмегенін атап өтті.
Фото: 1tv.ru