Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Эйр Астана» ұшағынан шыққан ақауға байланысты пікір білдірді.
Министр оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылғанын, тергеу нәтижесін қосымша хабарлайтынын айтты.
Айта кетейік, «Эйр Астана» компаниясының Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағы әуежайға қайтып оралған болатын. Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.
Ұшақ көкке көтерлігеннен кейін, қозғалтқыштың жұмыс параметрлерін көрсету жүйесіндегі ақаулық туралы дабыл қағылған. Ұшу қауіпсіздігі нұсқаулығына сәйкес экипаж ақауды реттеу үшін әуежайға қайту туралы шешім қабылдады. Ұшақты қондыру штатты режимде іске асырылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024