Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - 11 қараша күні Мәскеудің Твер аудандық соты «Росбалт» тілшісі Александр Шваревті сырттай қамауға алу туралы істі қарайды.
Оған жалған ақпарат тарату мен 3 млн рубль бопсалау туралы айып тағылып отыр. Бұл туралы Интерфакске журналистің адвокаты Владимир Жеребенков хабарлаған.
Адвокаттың айтуынша тергеу ресейлік бизнесмен Алишер Усманов туралы жалған ақпарат таратқан және қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевтан 3,3 млн рубль бопсалаған.
Журналист қазіргі кезде Рига қаласында емделуде екен. Сондықтан тергеу халықаралық іздеу жарияланған. Журналистің өзі тергеумен келіспейді.
Тергеу ісі бойынша анықталғаны Шваров Алишер Абдуллаев есімді біреумен 2018 жылдың шілде-қазан айналырнда бірнеше сайтта Усмановтың ауыр қылмыстарға қатысы туралы жалған ақпарат жариялаған. Полиция мұның жалған екенін әрі бизнесменнің беделіне нұсқан келтіретінін анықтаған.
Қазан айында түрлі сайттарда Кеңес Рақышевті алаяқтыққа және қылмыстық топтарға қатысы бар деп айыптаған бірнеше ақпарат жариялаған. Бизнесменнің баспасөз қызметінің ақпаратты өшіру туралы талабына Шваров пен Абдуалиев $50 тыс. , сол кездегі курспен 3 млн 310 мың рубль беру туралы талаппен жауап берген. Бас тартқан жағдайда жалған және бизнесменнің атына сын келтіретін материал таратуды жалғастыратынын айтқан.
Журналистің адвокаты "айып ойдан шығарылған, қылмыстық қудалау тапсырыспен жүзеге асып отыр",- дейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024