Росфинмониторинг банктерді АҚШ пен ЕО-тағы клиенттерінің операциялары туралы хабарлауға міндеттеді
Росфинмониторинг ресейлік барлық банктерді АҚШ пен Еуроодақты қосқанда 41 елдегі резиденттерінің операциялары туралы хабарлап отыруға міндеттеді. Бұл туралы аталған ведомствоға сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы хабарлайды.
Басылымының хабарлауынша, резиденттердің операциялары туралы Росфинмониторингке хабарлануы тиісті елдердің тізіміне ЕО, АҚШ, Норвегия, Иран, Сирия, Судан, Жаңа Зеландия, Аргентина, Мексика, Швейцария, КХДР және Ямайка кіреді. Яғни әрбір банк осы елдердегі клиенттерінің ақша операциялары туралы ақпарат беріп отыруы қажет.
Тізімге Ресей қарсы контрсанкция енгізген және ақшаның ізін жасырумен күрестің халықаралық шарттарын орындамаған, терроризм мен нашаның еркін айналымын қолдаушы мемлекеттер кіреді.
"Росфинмониторингтің есебі бойынша, ресейлік банктер Ресейдің халықаралық саяси аренадағы позициясын ескере отырып, ел мүддесін қорғауы қажет", - дейді дереккөз.
Басылымның атап өтуінше, талап орындалмаған жағдайда Росфинмониторинг банктердің әрекетін ақшаның ізін жасырумен күрес заңын бұзды деп есептейді. Мұның салдары банктің лицензиясын алып тастауға дейін әкелуі мүмкін. Ресейлік заң бойынша, 3 млрд рубльден бастап күдікті операциялар жүргізу "банктің күдікті операцияларға жиі кірісуі" деп бағаланады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024