Роспотребнадзор Қазақстанның бірқатар өнімі нормативтік талаптарға сай еместігін анықтады
Тұтынушылардың құқытарын қорғау және адамдар саулығы саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Роспотребнадзор) Қазақстанның бірқатар өніміндері нормативтік талаптарға сәйкес еместігін анықтады деп хабарлайды мекеме сайты.
Осылайша, Челябинск облысында "Айс плюс" ЖШС (Ақтөбе) өндіретін майы алынған айранды тексеру кезінде "ішек таяқшасы тобындағы бактериялардың гигиеналық талаптардан асып түсетін құрамы" анықталған. Ал "ДЕП" ЖШС (Қостанай) шығаратын пастерленген "Деповское" сүтінде "май-қышқылдық құрам мен құғақ майы алынған сүт қалдығының құрамы бойынша сәкессіздік" анықталыпты.
Қорған облысында "белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін таңбаламасы бар сүт өнімдері анықталған" деп хабарлайды ведомство. "Лидер2010" ЖШС (Қостанай облысы, Рудный) шығаратын "ТАН Рудненский" және "Айран Рудненский" газдалған қышқыл сүт өнімдерінде Ресей Федерациясында тұтынушылардан кінәрат-талаптарды қабылдауға тиіс ұйым туралы ақпарат жазылмаған", - делінген хабарламада.
Омбы облысында "КӨБЕЙ" ш/қ, "Жолдыбек-Ата" ш/қ (ОҚО) өндіретін бақша дақылдарында (қауындарында), Қорған облысында "Дихан-сауда" ЖШС (ОҚО, Ынтымақ ауылы) шығаратын қызылшада нитраттардың құрамы гигиеналық талаптардан жоғары екендігі анықталды.
"Сонымен қатар Қазақстаннан Ресейге әкелуге тыйым салынған өнімдерді өткізу фактілері анықталуда. Осылайша, Мәскеу облысында АҚШ-та шығарылған, Қазақстан Республикасында буып-түйілген құрғақ жемістер (өрік, грек жаңғағы) анықталды", - деп хабарлайды Роспотребнадзор.
Қадағалау ведомствосы "көрсетілген қазақстандық өнімді айналымнан шығаруға қатысты шараларды қабылдады". "Қазақстанның құзіретті органдары жоғарыда айтылған фактліерден хабардар", - делінеді хабарламада.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024