Россельхознадзор Белоруссиядан транзит арқылы Қазақстанға жөнелтілген 19,5 тонна Польша алмасын кері қайтарды.
Россельхознадзор қызметінің хабарлауынша, көлік Псков облысындағы өткізу бекетінде тоқтатылған.
Жүк кері қайтарылды, себебі 2014 жылдың 24 қарашасынан бастап Россельхознадзор өсімдік шаруашылығының өнімдерін әкелудің жаңа тәртібін енгізген еді. Осыған байланысты Қазақстанды қоса алғанда үшінші елдердің импортшыларына бағытталған өсімдік өнімі Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттері арқылы жүруі тиіс.
Бұл тәртіп ресейлік азық-түлік эмбаргосының аясындағы елдердің өнімдерін Ресейге кіргізілуіне жол бермеу үшін енгізілген болатын. Кейбір жеткізушілер осы шектеуді айналып өту үшін Белоруссия аумағын пайдаланған: "тыйым салынған" өнім үшінші елдерге, мысалы, Қазақстанға жөнелтілгендей болып, Ресейде қалып қоятын болған.
Бұған дейін Польша алмасының, керісінше, Қазақстан жағынан өткізілмей қойғанын хабарлаған едік.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024