Гаага. 7 маусым. 7kun.kz - Британ-нидерландық Royal Dutch Shell компаниясы мұнай-газ активтерінің 10%-ын сатады. Осылайша корпорация 54 млрд долларға сатып алынған BG Group компаниясының шығындарын қысқарту үшін әлемнің 10 елінен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы vestifinance.ru хабарлайды.
Royal Dutch Shell 2014 жылы ақпан айында BG сатып алу кезіндегі өзінің стратегиясын ұсына отырып, алдағы он жылдықта жыл сайынғы шығындарды 30 млрд-тан төмен деңгейде сақтап қалуды және интеграцияның жинақтарын 4,5 млрд долларға арттыруды жоспарлап отыр.
Shell әлемдегі ең ірі екінші мұнай-газ компаниясы. Соңғы уақытта BG-ды сатып алу туралы шешім қабылданғаннан кейін компанияның көрсеткіштері біраз нашарлаған. Сондықтан компания өкілдері шығындарды қысқарту арқылы акция құны қымбаттайды деген тұжырымға келген.
Компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден Бразилия және Мексика шығанағындағы жобалардың, сондай-ақ АҚШ пен Қытайдағы химиялық жобалардың қысқа мерзімдегі өсімін топтастыратынын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024