Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 40 млрд теңге бағытталды.
Бағдарлама аясында 2018 жылдың аяғына дейін 7 млрд теңгеге 178 жоба жоспарланған. Атап айтар болсақ, аймақта бірнеше көркем фильм мен халықаралық ақпарат агенттіктерінің қатысуымен имидждік роликтер түсіріліп, шетелге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып жатыр. Тарихи-мәдени ескерткіштердің электрондық картасы жасалып, оған жалпы саны 2300-ден астам нысан енді.
Бүгінгі күнге дейін 4 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылды.
2017 жылы желтоқсанда құрылған Талдықорғандағы «Рухани жаңғыру орталығы» жобалардың жүзеге асырылу барысын қадағалап отырады. Жобалық кеңседе өңірдегі 8 басқарманың қызметкерлері бірігіп жұмыс істейді. Облыс бойынша «Атамекен» бағдарламасы Қарасай, Жамбыл, Алакөл және Балқаш аудандарында жүзеге асып жатыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024