Standard & Poor’s несиелік рейтинг қызметі "Аграрлық несие корпорация" АҚ-ның ұзақ және қысқа мерзімді рейтингтерін "В+/В" деңгейінде нақтылады. Рейтинг бойынша болжам "Тұрақты" деп хабарлайды S&P баспасөз-қызметінен. Ал ұлттық көрсеткіші «kzAA-» деңгейінде деп белгіленді.
"Біздің есептеуімізше, Қазақстандағы экономикалық дамытуды шегеруі мен ұлттық валютаны құнсызданыру туралы жоспар қазақстандық банктердің қорландыру сипаттамасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан қазақстандық банктердің салалық нарықты дамыту тенденциялары үшін "негативті"деген баға белгіледік. Дегенмен де, аталған факторлардың барлығы АНК-ның несие төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізе алмайды деп есептейміз. Себебі компания алдағы уақытта негізгі офистен материалдық көмек алып отырмақ, ал оның бизнес-моделі экономикалық дамуды тежеу шарттарында тұрақтылық сақтап қалмақ", - деп хабарлайды Standard & Poor’s.
Сарапшылардың айтуынша, Standard & Poor’s-тың АНК-ға қатысты болжамды "Тұрақты" деп көрсетуі оның негізгі " "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ компаниясы үшін стратегиялық маңызын сақтап қалатындығын білдіреді, ал оның несиелік төлем қабілеті алдағы 12 ай бойы өзгеріссіз қалады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024