Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P Қазақстан Халық банкінің рейтингін «жағымсыз» деп таныды

S&P Қазақстан Халық банкінің рейтингін «жағымсыз» деп таныды

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ рейтингісін қайта қарастырды, тәуелсіз рейтингтердің төмендеуіне байланысты "жағымсыз" деген баға берілді.

"Біз Қазақстан Республикасы үкіметінің жүйелік маңызға ие жеке банктерге төтенше қаржылай қолдау ұсыну қабілеті бірте-бірте нашарлайтын болады деп болжамдаймыз.

Сәйкесінше, біз "Қазақстанның Халық банкі" АҚ (Халық Банк) рейтингтері бойынша болжамды "Тұрақтыдан" "Жағымсызға" ауыстырамыз да банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін "BB+/B" деңгейінде және ұлттық шәкіл бойынша рейтингті "kzAA-" деңгейінде екендігін растаймыз, - деп айтылады агенттік хабарламасында.

Қазақстандық Халық банкінің рейтингісі бойынша берілген "Жағымсыз" болжамы Қазақстан Республикасының ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бойынша ұқсас болжамды көрсетеді.

"Рейтингілік әрекет Қазақстан Республикасы Үкіметінің жүйелік маңызға ие жеке банктерге төтенше қаржылай қолдау ұсыну қабілеті бірте-бірте нашарлайтындығына қатысты біздің ойымызды қамтып көрсетеді", - деп мәлімделеді хабарламада.

Қазақстан экономикасы айтарлықтай дәрежеде мұнай секторынан тәуелді, оның үлесіне ЖІӨ 20-30%, бюджет табысының 50% артығы және экспорттың 60% тәуелді. Біз мұнай бағасының төмендеуі салдарынан Қазақстанның экономикалық өсім қарқындарына қатысты болжамымызды 2015 ж. ЖІӨ 1,5% дейін және 2016 ж. 2% дейін азайттық. Экономикалық өсім қарқыны күтіліп отырған ұлттық валюта девальвациясының, Ресейдегі экономикалық құлдырауды қоса алғанда, сыртқы факторлардың тұтынушылық сұранысқа r-көрсететін ықпалына байланысты баяулап жатыр. Қазіргі уақытта біз ағымдағы операциялар есебінің (АОЕ) тапшылығы 2015-2016 жж. ЖІӨ 4% артық болады деп топшылап отырмыз. Мұнайдың төмен бағаларына бейімделу және Ресей рубліне қатысты теңге бағамын әлсіздету мақсатында Қазақстанның Ұлттық банкі (ҚҰБ) осы жылы ұлттық валютаның бірте-бірте құнсыздануына жол береді немесе оның девальвациясы бойынша өзге шараларды қабылдайды деп ойлаймыз.

"Біз Қазақстан Үкіметін елдің банк секторына "қолдау көрсетуге дайын" үкімет ретінде бағалайтындығымыздан, қажет жағдайда Халық Банктің төтенше қолдауды алу ықтималдығы "жоғары" деп есептейміз. Банктің жүйелік маңыздылығын "жоғары" деп бағалауымызға Халық Банктің дефолты болған жағдайда, мұндай жағдай Қазақстанның қарж жүйесі мен экономикасына айтарлықтай жағымсыз ықпалын тигізеді деген ойымыз себеп", - деп түсінік беріледі хабарламада.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтері бойынша болжамы жақсарған жағдайда, сонымен қатар банктің қаржы тәуекелдерінің бейіні, атап айтқанда активтер сапасы мен капиталдандыру көрсеткіштері экономикалық өсімнің болжамды қарқындарының әлсіреуіне берік болса, S&P талдаушылары Халық Банкінің рейтингтері бойынша болжамды "Тұрақтыға" өзгертуі мүмкік.

Ақпарат көзі: Итерфакс

Похожие материалы