Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P "ҚазМұнайГаздың" рейтингісін төмендетті

S&P  "ҚазМұнайГаздың"  рейтингісін төмендетті

Рейтингтік  Standard & Poor’s агенттігі  ұлттық компания "ҚазМұнайГаз" және оның еншілес "ҚазМұнайГаз Бақылау Өндіру" компаниясының ұзақ мерзімді несиелік рейтингін  "ВВВ-" деңгейінен "ВВ+" деңгейіне дейін төмендетті. Ал ұлттық шкала бойынша несиелік агенттік "ҚазМұнайГаздың" деңгейін «kzAA-» төмендетті. Рейтинг әрекеттердің құлдырауына Қазақстанның несиелік көрсеткіштерінің төмендеуі себеп болған.

"ҚазМұнайГаздың" рейтингтік статусы  мемлекетпен тығыз байланысты ұйым екендігіне және қажет жағдайда үкіметтен қаржылай көмек алу жиілігі жоғары болғандығына байланысты. S&P компанияның Қазақстан экономикасындағы ролін "өте маңызды" деп бағалайды.  ҚМГ-ның дефолтқа ұшырау жағдайы тек ел үкіметіне ғана емес мемлекетпен тығыз байланыстағы басқа да ұйымдарға негативті түрде үлкен зардабын тигізеді. ҚМГ Қазақстан аумағындағы мұнай-газ саласындағы барлық маңызды жобаларға қатысады. "ҚазМұнайГаз" бақылап отырған көптеген мұнай өндіруші активтердің даму перспективалары төмен, мұнай өңдеуші зауыттардың құрылғылары ескірген. Ал ҚМГ Қазақстанның мұнай өндіру және бақылау сегментіндегі жаңа жобалардағы үлесі өте аз (20% —«Тенгизшевройл» ЖШС және  10% — Қарашығанақ жобасында).  Бірақ жалпы ел экономикасының масштабында ҚМГ-ның үлесі жоғары, бұл компанияның несиелі профиліне қосымша ықпал етеді. "ҚазМұнайГаз" рейтингіндегі "негативті" деген болжам Қазақстан Республикасының несиелік рейтингінің көрсеткішін айқындайды. Дегенмен де компанияның өзіндік несиетөлем қабілеттілігі төмендеген жағдайда кәсіпорынның "тұрақтылық қоры" бар. Егер SACP бағалауы "ссс+" деңгейіне түсіп кеткен жағдайда ғана компания рейтингіне  қысым түседі. Әзірге,  елдің несиелік рейтингі қайта қарауды қажет етсе, S&P  "ҚазМұнайГаздың" несиелік болжамын "тұрақты" деген көрсеткішке қайта ауыстыра алады.  

Похожие материалы