Халықаралық Standard & Poor's рейтинг агенттігі "Банк Астана" АҚ-ның ұзақмерзімді және қысқамерзімді рейтигін В-/С-ден В/В-ға дейін көтеріп, "тұрақты" деген болжам жасады деп хабарлайды агенттіктен.
Банктың ұлттық бағам бойынша рейтингі "kzBB" деген деңгейге орналастырылды. Дегенмен де S&P "Банк Астананың" жоғары ресурсты базасын және оның Қазақстандағы мемлекеттік компанияларға өте бағынышты екендігін атап өтеді. Агентттіктің "тұрақты" деген болжамы алдағы 12 айда банктің қаржылық бейнесі өзгеріссіз қалатындығын білдіреді. S&P болжамынша, банк капиталдандыру және өтімділік көрсетіштерін қазіргі деңгейде сақтап қалады. Акционерлер де банктың даму өсімін қолдап отыру үшін капитал құюын жалғастыра бермек. Ұлттық банк мәліметінше, "Банк Астана" 2015 жылдың 1 жартжылдығының қорытындысы бойынша 37 қазақстандық банк арасынан актив көлемі бойынша 21-орынға тұрақтады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024