Алматы. 28 маусым. 7kun.kz — S&P Global Ratings "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының шетелдік және ұлттық валютадағы эмитентінің кредиттік рейтингін "ВВ+/В" деңгейінде растады. Болжам - "тұрақты".
"Растама бірінші кезекте Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар секторын қолдау мен дамытуға арналған мандатты ескере отырып, "Даму" Қоры "Бәйтерек" тобындағы басты институт болып қалатыны туралы біздің пікірімізді көрсетеді. Біз "Бәйтерек" тобы іс жүзінде белгілі бір мемлекеттік қолдауға ие болады деп есептейміз, өйткені оның құрамына үкіметтің даму саласындағы күн тәртібінде негізгі рөл атқаратын бірнеше қаржы институттары кіреді", - делінген халықаралық рейтингтік агенттіктің хабарламасында.
Сонымен қатар, S&P агенттігі Даму қорының ұлттық шкаласы бойынша рейтингісін "kzAA+" деңгейінде растады.
Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024