Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – S&P рейтинг агенттігі төрт банктің рейтингін растады, екі банктің ұзақ мерзімді рейтингтерін төмендетті.
Агенттік эмитенттердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік және ұлттық шкаласы бойынша рейтингтерін растады:
- "Халық Банкі" АҚ; (ВВ/Тұрақты/В; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzA+);
- "Kaspi Bank" АҚ (ВВ - / Тұрақты/ В; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzA);
- "ForteBank" АҚ (в / позитивті / В; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzBBB-);
- "Банк ЦентрКредит" АҚ (В / тұрақты / В; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzBBB -).
S&P мәліметтеріне сәйкес, "АТФБанк" АҚ және "Еуразиялық банк" АҚ эмитенттерінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері "В"-дан "В -"-ға дейін төмендетілді және осы банктердің қысқа мерзімді рейтингтері "В" деңгейінде расталды. Бұл банктердің рейтингі бойынша болжамдар - "тұрақты". Сондай-ақ, агенттік екі банктің ұлттық шкаласы бойынша рейтингтерді "kzBB+"-дан "kzBB"-ға дейін қайта қарады.
Рейтигтік агенттік ҚР Үкіметі банк секторына қолдау көрсетуге дайын және осындай қолдауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті ресурстары бар деп санайды: 2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша ҚР Үкіметінің өтімді активтері ЖІӨ-нің 40%-ын құрады. Қазақстанда нақты қандай банктер және мемлекет қалай қолдау көрсететіні туралы заңды түрде ресімделген анықтама жоқ екеніне қарамастан, мұндай қолдау түрін ұсыну мүмкіндігі сақталған. Мемлекет тарапынан қазақстандық банктерге қолдау шектеусіз берілуі мүмкін және Үкімет тарапынан қандай да бір арнайы мақұлдауды талап етпейді. ҚР Үкіметі өзінің банк секторына 2008 жылдан бастап түрлі нысандарда көрсеткен мемлекеттік қолдаудың ұзақ тарихы бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024