"Алтын белгі" иеленген 39 түлек Қазақстанның ЖОО-ларына грантқа түсе алмаған еді. Одан бөлек, грант бұйырмағандардың ішінде халықаралық олимпиада жүлдегерлері де бар. Олардың грантқа ие бола алмауының себебін бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтты. Басты себеп - түлектер тапшы мамандықтарды таңдаған.
"Жоғары, орта білім беру орындарында да, колледждерде де грант азайған жоқ. Былтыр қанша бөлінсе, биыл да солай болды. "Алтын белгілерге" байланысты біраз мәселелер туындады. Балалар тапшы мамандықтарды таңдаған. Мәселен, "Құқықтану", "Халықаралық қатынастар" немесе "Экономика" мамандықтары. Ол бағыттарға бізге гранттар саны өте аз", - дейді БҒМ вице-министрі Есенғазы Иманғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бұл жағдайға министр Аслан Сәрінжіповтың өзі де кіріскен еді.
Министр ЖОО ректорлары мен грантқа ие бола алмай қалған барлық "Алтын белгі" иегерлеріне хат жолдаған еді. Хатта ректорларға грант бөлу туралы ұсыныс айтылған.
Гранттарды мамандықтарға бөле бастағанда инжернерлік-техникалық кадрларды дайындау, ауыл шаруашылық және ветеринарлық салаларға басымдық берілген. Осылайша, гуманитарлық бағыттағы мамандықтарға гранттар азырақ бөлінді.
Бүгінде 39 "Алтын белгі" иегерлерінің 23-і гранттарын алды. Есепке алу үшін әлі екі күн бар. Қалған иегерлерге хабарласу үстіндеміз дейді министрліктегілер.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024