Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев тендер жүйесіне назар аударды.
Бұған себеп - мемлекеттік тапсырыс аясында мектептерді уақытында пайдалануға бермеу. «Ағатайлар» тендермен ұзақ ойнап жүретіндіктен балалар мектепке уақытында бара алмай жүреді» деген Үкіметбасы бұл мәселенің ылғи талқыланатынын, алайда жағдайдың өзгермейтінін атап өтті.
«Ақша игерілмейді, тендерлерді кеш өткізеді. Сонда қалай? Үлкен ағатайларымыз тендер ойнап жүретіндіктен балалар зардап шегіп отырады. Осыны түбегейлі шешу керек. Балалар жаңа мектепке барғысы келеді. Оған қоса, Президенттің нақты тапсырмасы бар. Ұлттық қордан ақша бөлініп жатыр. Соның барлығы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақтарға таратылады. Біз болсақ, жаңа оқу жылы басталса да, тендер ойнап жүрміз», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Бұдан кейін ол орынбасарларына қазіргі жүйені толығымен өзгертуді тапсырды.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024