Алматы. 9 маусым. 7kun.kz — 12: 00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Президентінің сайлауында дауыс беруге құқығы бар республика азаматтарының 35,1%-ы дауыс берді, деп хабарлады Орталық сайлау комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен.
"Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы 9 маусымдағы сағат 12 - дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 35,1% - ы сайлау бюллетеньдерін алды", - деді Сүлеймен жексенбі күнгі брифингте.
Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша сайлаушылардың 45,9%-ы, Ақтөбе облысы бойынша – 50,3%-ы, Алматы облысы бойынша - 47,3%-ы, Атырау облысы бойынша - 33,5%-ы дауыс берді.
Шығыс Қазақстан облысында - 44,8%, Жамбыл облысында – 43,7%, Батыс Қазақстан облысында - 26,1%, Қарағанды облысында – 29,6%, Қызылорда облысында – 39,3% халық дауыс берді.
Сондай-ақ Қостанай облысында сайлау бюллетеньдерін 35,5%, Маңғыстау облысында – 29,3%, Павлодар облысында – 36,0%, Солтүстік Қазақстан облысында - 33,9%, Түркістан облысында – 30,0% тұрғын алды.
Қазақстан астанасында сайлаушылардың 24,6%-ы, Алматыда – 19,0%-ы, Шымкентте - 24,6%-ы дауыс берді.
"Дауыс беру заңнама аясында тыныш жағдайда өтуде", - деді Сүлеймен.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың келуі туралы келесі мәліметтерді Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:00-де жариялайды.
Айта кетейік, кезектен тыс президенттік сайлау таңғы 7:00-де басталды және 20:00-де аяқталады. Еліміздің батыс өңірлерінде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Қызылорда облысында сағат белдеулеріндегі айырмашылықтарға байланысты дауыс беру 8:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024