Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Сайран» автовокзалын жөндеуге қаржыны несиеге алады

«Сайран» автовокзалын жөндеуге қаржыны несиеге алады

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – Алматыда «Сайран» автовокзалын жөндеуге жұмсалатын қаражат несиеге алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Автовокзал реконструкциясы биыл маусымда басталды. Бұл аумақта қосымша нысандар пайда болады. Ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындары салынады»,- дейді «Сайран» МА ЖШС бас инженері А.Жансарин.

Алайда автовокзал реконструкциясына кететін шығынның мөлшері белгісіз.

«Жөндеу жұмыстарына кететін шығын құпия ақпарат болғандықтан біз оны жария ете алмаймыз. Жеке қаражат есебінен несие алу арқылы жүзеге асырылады»,- деді компания өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін автовокзалдың көлік логистикасын түгел жаңарту және вокзал жанын субұрқақ, дәмхана, жасыл желектер және балалар алаңы арқылы абаттандыру жоспарланғаны айтылған болатын.

Похожие материалы