2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, салымшылардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы ақпанда 482,9 млрд теңгеге немесе 3,7%-ға ұлғайып, 13 585,2 млрд теңге болды. Бұл туралы ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы ақпанда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2022 жылғы 1 наурызда 7 433,9 млрд теңгеге дейін 511,7 млрд теңгеге ұлғайды.
«Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2022 жылғы 1 наурызда 10,9 млн шот болды», – делінген хабарламада.
2022 жылғы ақпанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 206,1 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы 1 наурызда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,6%-ы және 22,0%-ы) алады.