Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Самұрық-Қазына" 2015 жылы Air Kazakhstan-ды іске қоспақ

"Самұрық-Қазына" 2015 жылы Air Kazakhstan-ды іске қоспақ

"Самұрық-Қазына" мемлекеттік қоры келіссөздердің жаңа раундына және жеткізушінің ауысу мүмкіндігіне қарамастан, 2015 жылы жаңа Air Kazakhstan әуе компаниясының операциялық қызметін іске қосу жөніндегі жоспарларды өзгерткен жоқ деп хабарлады қор басшысы Өмірзақ Шөкеев.

"Біз техника жеткізушілерімен белсенді келіссөздер жүргіздік, қандай машиналар алу қажеттігіне қатысты тендер өткіздік, компания құрып, осы техниканың бағасы бойынша келісімге келдік, бірақ өзгерістер болды, дағдарыс, девальвация, жалпы алғанда бағалар өзгерді, сол себепті бұл мәселеге қайта оралып, келіссөздердің жаңа раундын өткізіп жатырмыз. Сатып алғымыз кеп тұрған машиналардың бағасын төмендете аламыз деген сенімдеміз", - деп мәлімдеді Ө.Шөкеев жұма күні Астанада өткен брифингте.

Бұған қоса, қор басшысы жаңа компания Қазақстанның ішінде қызмет ететіндігін атап өтті.

"Біз бұл компания лоукостер болады деп айтқан емеспіз, бюджеттік компания, бұл компания жергілікті нарықта жұмыс істейді ", - деп қорытындылады ол.

Бұдан бұрын Ө.Шөкеев жаңа Air Kazakhstan әуе компаниясы 2015 жылдың басында ішкі рейстерді жасап бастауы мүмкін деген еді.

Похожие материалы