Экономика
Б.Бейсенғалиев: «Самұрық -Қазына» ҰӘҚ өз компанияларын екі есе қысқартуды жоспарлауда
Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Самұрық -Қазына» ұлттық әл-аухат қоры»АҚ өз компанияларын екі есе қысқартады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры Берік Бейсенғалиев ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
«Басқару деңгейін қысқарту жоспарлануда. Бүгінде бізде басқарудың 9 деңгейі бар. Сондықтан біз басқару деңгейін 9 –дан 4-ке дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз. Қысқарту қордың компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар санына да қатысты», - деп хабарлады Б. Бейсенғалиев. Өз сөзінде спикер атап өткендей, Елбасы тапсырмасы бойынша компаниялар екі есе қысқартылады. «Компаниялар санын қысқарту деген, компаниялар қысқарып, адамдар жұмыстан шығарылады дегенді білдірмейді. Үлкен жұмыс жүргізіледі, үлкен зерттеулер жүргізіліп нарыққа еркін жіберуге болатын жобалар нарықтық шарттармен саудаға шығарылады және олар өз жұмыстарын өз бетінше жалғастыра алатын болады», - деп түсіндірді Б.Бейсенғалиев. Ақпарат көзі: strategy2050Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024