Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ атқарушы директоры Ұлан Тәжібаев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов қызметінен кетті. Бұл туралы Айдар Махметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
https://www.facebook.com/aidar.makhmetov/posts/1872299269461417
«Бүгін менің де «Самұрық-Қазына» қорындағы жұмысым аяқталды. Бүгін соңғы күн. Тура 6 жыл... Менің бір қызметте ең ұзақ отырған кезім. Және менің кәсіби өмірімдегі ең қызықты кезең», - деп жазды ол.
Ол қолдау білдіргені үшін қордың экс-басшысы Өмірзақ Шүкеевке, экс-атқарушы директоры Дархан Қалетаев пен тағы бір атқарушы директор Ұлан Тәжібаевқа алғыс білдірген. Сондай-ақ, Тәжібаевтың да қордағы соңғы жұмыс күні екенін айтып өтті. Махметовтың жазуынша, бірқатар ұсыныс алып үлгерген. Оның ішінде шетелде жұмыс істеуге де ұсыныс түскен.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024