"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры алдағы уақытта IPO-ға шығуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік қордың төрағасы Өмірзақ Шүкеев Астанадағы дөңгелек үстел кезінде мәлімдеді.
"Кез-келген компанияның басқарма құрылымы бар және түскен пайданы қалай жұмсау керектігін директорлар шешеді. Дивидендтерге алып қоюға немесе басқа жобаларға бағыттауға болады. Егер біз бұл жүйені бұзғымыз келсе, оның болашақта "Самұрық-Қазынаны" IPО-ға шығарар кездегі салдары қандай болмақ?", - деді ол мемлекеттік қордың табысын бөлу және ашықтық деңгейі туралы пікір білдіре отырып. Оның сөзінше, егер мемлекеттік қор парламентке немесе үкіметке тиесілі болса, оның қор нарығындағы тартымдылығы белгісіз болар еді. Сондай-ақ алдағы жылдары компанияның еншілес ұйымдарының акциялары қор нарығындағы жарияланатындығын да еске салды. Осы мақсатта компания акционерлер үшін тартымдылығын арттыра түсетін активтерді иеленіп жатыр. "Неге ГРЭС-1-ді сатып алдыңыздар дейді? Менің ойымша, ГРЭС-1 - "Самұрық-Энерго" үшін алтын актив. Қазір ГРЭС-1 осы нарықтағы басымдық күшке айналды. Біздің компанияларымыздың, оның ішінде "Самұрық-Энергоның" IPO-ға дайындалуы қажет екендігін білеміз. ГРЭС-1-дің екінші үлесін сатып алғаннан кейін "Самұрық-Энергоның" құны өткен жылға қарағанда IPO-да бірнеше есе өсті", - деп нақтылады Ө.Шүкеев. Оның мәліметінше, "Тау-Кен Самұрық" еншілес компаниясы Шалқия және Масальский тәрізді күрделі кен орындарын өңдейді. "Біз Тау-Кен Самұрық технология жоқ, жеке сектор мүмкіндігі жетпейтін күрделі кен орындарымен айналысады деп шештік. Ондай үлкен кен орнын назарсыз қалдыру да дұрыс болмайтын еді", - деп сендірді "Самұрық-Қазына" басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024