Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері қысқарады

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлері қысқарады

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының түзетілген даму стратегиясы наурыз айында дайын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты.

«Президент келесі тапсырмаларды берді. Біріншісі - қорды басқару жөніндегі кеңестің қарауына түзетілген даму стратегиясы мен трансформация бағдарламасын енгізу. Стратегия наурызда, трасформация бойынша бағдарлама ақпан айының соңында дайын болады.  Арнайы экономикалық аймақтар бойынша бізде Тараз бен Атырауда екі жоба бар. Екі жоба да тапсырмаға сәйкес зерделеніп жатыр. Қорытындысы бойынша ұсыныс енгізетін боламыз»,-  деді Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, қорды оңтайландыру және одан бейінді емес активтерді шығару бойынша ең алдымен оның басқару деңгейі қысқартылады. Активтердің бір бөлігі жекешелендіру бағдарламасы арқылы сатылады.

«2018 жылы 61 активті сату жоспарланған. Оның біреуі сатылды. 16-сы аяқталу кезеңінде тұр. 44-і бойынша 2018 жылы сату мерзімі көрсетіле отырып, жан-жақты жол картасы  жасалды. ІРО-ға шығарылатын 3 компанияға қатысты мәселелер бар. Бірақ бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді қор басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы