Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz –Басқарма шешімі бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ жаңа құрылымы бекітілді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.
Құрылымға өзгерістер енгізу - басқарудың оңтайлылығын (мобильділігін) және тиімділігін арттыру, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және Қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттемелері аясында қажет болды.
Жаңа құрылым ағымдағы жылдың 11-қатарынан бастап іске қосылады.
Анықтама
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады.
Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67,4 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024