«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарына байқау жарияйлады
«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобындағы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры төменде көрсетілген бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларды жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйымдарды іріктеу байқауын жариялайды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау бойынша:
- әлеуметтік және медициналық сектордағы қауымдастықтар мен адамдарға көмек;
- медиа, мәдени қауымдастық пен адам әлеуетін дамыту;
- еңбек қатынастары мен ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту;
- өңірлерді және бизнес бастамаларды қолдау ұйымдарының жұмыстары қарастырылады.
Байқау негізінде іріктелген ең үздік қоғамдық ұйымдарға қаржылай көмек көрсетіліп, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру жəне əкімшілік жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетіледі.
Байқауға қатысу ережелерімен, жобалар құжаттарымен және қосымша ақпаратпен www.sk-trust.kz, www.skc.kz сайттарында, немесе call-центрге: 8 (7172) 24 80 13, 57 66 59 хабарласып, таныса аласыз.
Өтініштер және құжаттардың толық пакеті SAMRUK-KAZYNA TRUST потенциалды пайдаланушыларына Астана қаласы, Қонаев көшесі 8, Б блок, 3257 офис мекен-жайы бойынша беріледі.
Байқауға қатысуға өтініш жіберу мерзімі: 2016 жылдың 31 мамырынан 13 маусымға (17.30 с.) дейін.
«Samruk-Kazyna Trust» - Қазақстан Республикасында көкейкесті және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық және әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыратын «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры компаниясының тобындағы әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Қор сингапурлық және малайзиялық аналогтар бойынша жұмыс атқарады және 50 % акциялары «Самрук-Қазына» АҚ-ға («Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ, «Казатомпром» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компания» АҚ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «Казпочта» АҚ, «Халықаралық Ақтөбе ауежай» АҚ, ««Халықаралық Атырау ауежай» АҚ, «Самрук-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Павлодар Әуежай» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС, «КОРЭМ» АҚ, «Самрук-Қазына Инвест» ЖШС) жататын Корпоративтік Әлеуметтік Жауапкершілік ұлттық компаниялардың саясатына сәйкес, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024